Қазақстанның баскетбол құрамасы Азия кубогында Шри-Ланканы ойсырата жеңді

БАХРЕЙН. ҚазАқпарат – Қазақстанның баскетболдан ұлттық құрама командасы Манамада (Бахрейн) өткен 2021 жылғы Азия кубогында Шри-Ланка командасын жеңіп шықты. Бұл туралы ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанның баскетбол құрамасы Азия кубогында Шри-Ланканы ойсырата жеңді

Матч 107:37 есебімен аяқталды.

Еске сала кетейік, Шри-Ланка мен Қазақстан арасында бірнеше күн бұрын (18 ақпан) өткен бірінші ойында «Дала көкжалдары» қарсыласын 111:52 есебімен жеңді.