Қазақстанның бастамалары - барша әлемге бейбітшілікті жария ету - Е. Тоғжанов
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстан егемендігінің ең алғаш күнінен бастап, ең бастысы - ел бірлігіне бағытталған мәселені күн тәртібінде қойды. Неге десеңіздер, мемлекеттің дамуы тікелей тұрақтылыққа байланысты»,-деді Е. Тоғжанов.
«Егер елімізді барша әлем танып жатса, діндер съезі қазақ даласында өтіп жатса, осы тұрғыда елімізге сенім артып, елеулі инвестициялар еніп жатса, бұның барлығы ең алдымен Қазақстанның тұрақтылығына байланысты. Бұл Елбасының жүргізіп жатқан парасатты саясатының негізінде жатыр»,-деді ол.
Осы тұрғыда елеулі игі бастамалар іске асырылып жатқанына тоқталған ол, «атап айтқанда, ядролық қарудан бас тартқаннан бастап, барша әлемге осы бейбітшілікті жария етуді мақсат тұттық», деді.
Сонымен бірге Е. Тоғжанов Ел бірлігі доктринасының ең басты бағыты - егемендігімізді нығайтуға негізделгенін атап өтті.