Қазақстанның басым аумағы антициклонның ықпалында болады - 24 ақпанға арналған ауа райы

АСТАНА. 23 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым аумағы антициклонның ықпалында болады. Республиканың батысында атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты қар жауып, күндіз жел күшейеді,

Қазақстанның басым аумағы антициклонның ықпалында болады - 24 ақпанға арналған ауа райы

жекелеген аудандарда тұман болады деп күтілуде. Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасай отырып, ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Маңғыстау және Атырау облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, тұман болады деп күтілуде. Күндіз Батыс Қазақстан облысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ақмола, Жамбыл, Қызылорда, Ақтөбе, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген жерлерінде тұман болады деп күтілуде.

Алдағы уақытта Арыс өзені мен Шәуілдір су қоймасының ауданында су деңгейі артады. Сырдария өзені мен Көктөбе су қоймасының ауданында Арыс өзені бойынша келетін судың салдарынан су басу жағдайлары болуы ықтимал. 24-25 ақпанда Шардара су қоймасына секундына 1470 текше метр су келеді деп күтілуде. Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы өзендердің денінде мұз қату процестеріне байланысты су деңгейлерінің ауытқуы байқалады.