Қазақстанның басым аумағы антициклонның ықпалында болады, қатты ыстықтар сақталады

АСТАНА. 16 шілде. ҚазАқпарат - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Қазгидромет» РМК болжауынша, Ақмола облысында 16-18 шілде аралығында +34+39 градус ыстық сақталады. 

Қазақстанның басым аумағы антициклонның ықпалында болады, қатты ыстықтар сақталады

Қазақстанның басым аумағы антициклонның ықпалында болады, күн райы жауын-шашынсыз және ыстық болады деп күтілуде.

Атап айтқанда, Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде құмды дауыл тұрып, күндіз 15-20 м/с-қа дейін жел күшейеді. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қостанай, Маңғыстау, Қызылорда, кей жерлерде Оңтүстік Қазақстан облыстарында күннің қатты ысуы сақталады.

Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында күн қатты ысиды деп күтілуде, кей жерлерде аптап ыстық болады. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, кей жерлерде Жамбыл облысында, Алматы, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарында төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.

Алдағы тәуліктерде Батыс Алтайдың жекелеген өзендерінде су көлемінің артуы байқалады. Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыстағы таулы өзендерде су деңгейінің ауытқушылығы сақталады.