Қазақстанның басым аумағы антициклонның ықпалында болып, ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде - 21 наурызға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. 23 ақпан. ҚазАқпарат - Қазгидромет дауылды ескертеді: 21-26 наурыз аралығында күннің жылынуы мен қар еруінің салдарынан Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында су басу жағдайлары орын алуы мүмкін.

Қазақстанның басым аумағы антициклонның ықпалында болып, ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде - 21 наурызға арналған ауа райы болжамы

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанның басым аумағыантициклонның ықпалында болып, ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде. Жекелеген аудандарда тұман түседі. Республиканың батыс аумағында ғана атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыздық танытады деп күтілуде.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, тұман түсуі ықтимал. Қостанай облысының кей жерлерінде көктайғақ, қарлы бұрқасын болады, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, жекелеген жерлерде желдің екпіні 25м/с жетеді.

Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қарлы бұрқасын болып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Атырау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының жекелеген жерлерінде тұман, көктайғақ орын алып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғуы ықтимал.

Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман болады деп күтілуде.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, қарлы бұрқасын болып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

21-26 наурыз аралығында Сырдария, Шу, Іле, Қаратал, Лепсі өзендерінде, Шығыс Қазақстан облысының жекелеген шағын өзендерінде мұз еріп, су деңгейінің ауытқуы байқалады. Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облысында, Алматы облысының таулы аймағында ауа райының жылынуына байланысты қар еріп, су деңгейінің көтерілуі мүмкін.