Қазақстанның басым аумағын тұман басатындығы болжануда

АНА. 25 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағының басым бөлігіндегі ауа райына атмосфералық фронталды ағындар әсер етеді, деп хабарлайды Қазгидромет.

Қазақстанның  басым аумағын тұман басатындығы болжануда

Шығыс Қазақстан облысында боран соғып, кей жерлерінде жел қуаты секундына 17-22 метрден 25-28 метрге дейін жететіндігі болжануда. Павлодар, сонымен қатар түнде Қарағанды облысында да боран соғып, жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетпек.

Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел екпіні 15-20 метрге, ал Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында 28 метрге жететіндігі болжанып отыр.

Жамбыл, Маңғыстау, Атырау, Солтүстік Қазақстан, түнде Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түссе, Қызылорда облысында көктайғақ болмақ.

Сондай-ақ метеорологтар таяудағы үш тәулікте еліміздің су нысандарының басым бөлігінде мұз қату үрдісі күшейе түсетіндігін, ал жекелеген өзендерде, оның ішінде Сырдария мен Ертісте су деңгейінің көтерілу мүмкіндігін хабарлайды.