Қазақстанның басым аумағына атмосфералық ағымдар әсер етіп, жауын-шашын, найзағай және күшті жел тұрады деп күтілуде - Қазгидромет
АСТАНА. 21 мамыр. ҚазАқпарат - «Қазгидрометтің» болжауынша, бүгін Қазақстанның басым аумағына атмосфералық ағымдар әсер етеді, онымен жауын-шашын, найзағай және күшті жел тұрады деп күтілуде. Республиканың шығысында кей жерлерде бұршақ жауып, шаңды дауыл көтеріледі. Қазақстанның тек батыс бөлігі антициклон тарамдарының ықпалында болмақ.
Атап айтқанда, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Алматы, күндіз Қарағанды облыстарының жекелеген аумақтарында секундына 15-20 метр жылдамдықтағы күшті жел соғады.
Ақтөбе облысының кей өңірлерінде тұман болжанса, Шығыс Қазақстан облысының жекелеген жерлерінде бұршақ, шаңды дауыл және секундына 15-20 метр екпіндегі жел күтілуде.
Ал гидрометеорологиялық болжамдарға сәйкес, 21-23 мамыр аралығында Алматы, Жамбыл, Оңүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының таулы өзендерінден су деңгейінің ауытқуы байқалады. Қазақстанның басқа сулы нысандарында айтарлықтай өқзгерістер болмайды.