Қазақстанның басым аумағында ауа райы тұрақсыз болады деп күтілуде - 12 наурызға арналған ауа райы

АСТАНА. 11 наурыз. ҚазАқпарат - 12 наурызда Қазақстанның басым аумағында ауа райы тұрақсыз болады деп күтілуде. Қар жауып, тұман түсіп, республиканың оңтүстік-шығысында жауын-шашын, көктайғақ болуы ықтимал.

Қазақстанның басым аумағында ауа райы тұрақсыз болады деп күтілуде - 12 наурызға арналған ауа райы

Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасай отырып, ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман болады деп күтілуде.

Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарының жекелеген жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтілуде, облыстың шалғай аудандарында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Алматы облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болуы ықтимал, Жалаңашкөл ауданында 15-20-25 м/с жылдамдықпен оңтүстік-шығыстан жел соғады.

Қызылорда облысының кей жерінде тұмантүсіп, көктайғақ болады деп күтілуде.                

Алдағы уақытта Шардара су қоймасына келетін су азаяды. Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарында өзендердің су деңгейлерінің ауытқуы байқалады. 10-12 наурыз аралығында Алматы облысының таулы аймағында ауа райының жылынып және жауын-шашынның жаууына байланысты қар ериді.