17:52, 21 Ақпан 2013 | GMT +5
Қазақстанның басым аумағында ауа райы тұрақсыз болады деп күтілуде - 22 ақпанға арналған ауа райы болжамы
АСТАНА. 21 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым аумағында ауа райы тұрақсыз болады деп күтілуде. Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасай отырып ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады. Кей жерлерде жауын-шашын жауады деп күтілуде, тұман түсіп, көктайғақ орнап, жел күшейеді, республиканың солтүстігі мен шығысында қарлы бұрқасын аралас жел соғады.

Алматы облысында тұман түседі, көктайғақ орнап, түнде Жалаңашкөл аумағында 18-23 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Шығыс Қазақстан, Павлодар, күндіз Ақмола облыстарында кей жерлерде қарлы бұрқасын аралас желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Жамбыл, Қостанай облыстарында кей жерлерде тұман түседі, күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, Жамбыл облысында көктайғақ болады.
Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында түнде және таңертең тұман түседі.
Алдағы тәуліктерде республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысындағы жекелеген өзендерде су деңгейінің ауытқушылығы сақталады.