Қазақстанның басым аумағында ауа райы тұрақсыз - жаңбыр жауып, найғазай ойнап, жел күшейеді деп күтілуде - 1 маусымға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. 31 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым аумағында ауа райы тұрақсыз болады. Осыған байланысты өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді. Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасай отырып, ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстанның басым аумағында ауа райы тұрақсыз - жаңбыр жауып, найғазай ойнап, жел күшейеді деп күтілуде - 1 маусымға арналған ауа райы болжамы

Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында күн райы ашық әрі ыстық болады деп күтілуде. Атырау, күндіз Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Қызылорда облысында төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.

Алдағы тәуліктерде ықтимал жауын-шашынға байланысты республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс таулы өзендерінде су деңгейінің артуы байқалады, Алматы облысының жекелеген таулы өзендерінде су тасқыны орын алуы мүмкін.