Қазақстанның басым аумағында қысқа мерзімді, ал шығыста күшті жаңбыр жауады

ТАНА. 2 тамыз. ҚазАқпарат - Белсенді циклондармен байланысты ауа ағындарының жүруінен Қазақстанның басым аумағында қысқа мерзімді, ал шығыста күшті жаңбыр жауады. Жекелеген аудандарда бұршақ түсіп, екпіндете жел соғады,

Қазақстанның басым аумағында қысқа мерзімді, ал шығыста күшті жаңбыр жауады

деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі Қазгидромет мәліметтеріне сілтеме жасап.

Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарының, күндіз Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің екпіні секундына 15-22 метрге жетеді. Қызылорда облысының жекелеген аудандарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетіп, шаң борайды. Шығыс Қазақстан облысында да желдің екпіні секундына 18-23 метрге жетеді.

Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, сонымен қатар Атырау, Қызылорда, Жамбыл, Алматы облысының кей жерлерінде аптап ыстық, ал республиканың батысы мен оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Таяу тәулікте Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Алматы облысының тау өзендерінде су деңгейінің ауытқуы байқалады. Шығыс Қазақстан облысының өзендерінде нөсермен байланысты су деңгейінің көтерілуі мүмкін. Қазақстанның басқа су нысандарында айтарлықтай өзгерістер болмайды.