Қазақстанның басым аумағында суық ауа райы сақталады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Алдағы күндері Қазақстанның басым аумағында суық ауа райы сақталады, деп хабарлайды «Қазгидромет».
None
None

«Қазақстанның көптеген облыстарында дауылды жел тудырған циклон Шығыс Сібірге жылжыды. Осы циклонмен байланысты суық арктикалық ағындар жақын арадағы күндері оңтүстік-шығыс, шығыс және орталық облыстардың ауа райына өз әсерін сақтайды, бұнда жауын-шашынды күн райы күтілуде, түнде қар жаууы мүмкін, түнде ауаның температурасы 0-8º суық, оңтүстік-шығыста және оңтүстікте кей жерлерде 0-3º-қа дейін суытады», - делінеді хабарламада.

29 сәуір-1 мамыр аралығындағы ауа райы болжамында атап көрсетілгеніндей, Қазақстанға келген антициклон өзгеріп, қазақстандықтарды қайтадан бұлтты, жаңбырлы ауа райы күтеді. Тек республиканың шығысында, орталығында және оңтүстік-шығысында 30 сәуір және 1 мамыр күндері жылы және ала бұлтты ауа райы күтіледі.

Соңғы жаңалықтар