Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауады, батыста күн қатты ысиды - 15 мамырға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. 14 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Қазгидромет» РМК болжауынша, 15 маусымда Қазақстанның аумағында атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты республиканың батысында ауа

Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауады, батыста күн қатты ысиды - 15 мамырға арналған ауа райы болжамы

райы тұрақсыз болады.

Жаңбыр жауып, жекелеген аудандарда найзағай аралас жауын-шашын болады деп күтілуде, республиканың оңтүстік-шығысында және шығысында бұршақ жаууы мүмкін.

Елдің батыс аудандарында күннің қатты ысуы сақталады.

Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында, күндіз Қарағанды, түнде Жамбыл облыстарының жекелеген жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Алматы облысының кей жерлерінде желдің екпіні 17-22 м/с-қа дейін жетеді деп күтілуде.

Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында түнде және таңертең жекелеген жерлерде тұман болады.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.

Алдағы тәуліктерде республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс таулы өзендерінде су деңгейінің ауытқуы байқалады.