Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады

ТАНА. 3 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым аумағында ауа ағындарының жүруіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады.

Қазақстанның басым аумағында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады

Республиканың шығысында жекелеген аудандарда бұршақ түсуі мүмкін, ал оңтүстіктің ауа райы жаңбырсыз болады, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі Қазгидромет мәліметтеріне сілтеме жасап.

Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарының, түнде Солтүстік Қазақстан, Алматы облыстарының , күндіз Ақтөбе, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең тұман түседі.

Шығыс Қазақстан облысында да желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетіп, бұршақ жаууы мүмкін.

Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан, сонымен қатар Атырау, Қызылорда, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық, ал республиканың батысы мен оңтүстігінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Таяу тәулікте Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының тау өзендерінде су деңгейінің ауытқуы байқалады.