Қазақстанның басым аумағында жауын-шашын, тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді деп күтілуде - 6 наурызға арналған ауа райы

АСТАНА. 5 наурыз. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым аумағы антициклонның ықпалында болады, атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты жауын-шашын, тұман, көктайғақ болып, жел күшейеді деп күтілуде.
None
None

Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасай отырып, ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Қызылорда, Маңғыстау, Атырау және Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтілуде, Жамбыл облысында желдің екпіні секундына 25 метрге дейін күшеюі мүмкін.

Қостанай және Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, қарлы бұрқасын болып, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, Алакөл өзенінің ауданында желдің екпіні секундына 30 метрге дейін күшейеді.

Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында тұман болады деп күтілуде.

Алдағы уақытта Сырдария өзенінде, Жамбыл және Алматы облыс аумақтарының  жекелеген өзендерінде мұз ериді.  6-7 наурызда Шардара су қоймасына секундына 1400-1420 текше метр су келеді деп күтілуде. Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы өзендерінде су деңгейлерінің ауытқуы байқалады.

Соңғы жаңалықтар