Қазақстанның басым аумағында жел күшейіп, тұман болады деп күтілуде - 25 ақпанға арналған ауа райы

АСТАНА. 24 ақпан. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым аумағы антициклонның ықпалында болады. Республиканың батысында атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты қар жауып, жел күшейіп тұман болады деп күтілуде.
None
None

Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасай отырып, ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, тұман, қарлы бұрқасын болуы ықтимал. Ақтөбе облысының жекелеген жерлерінде  15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында 17-22 м/с жылдамдықпен жел соғуы мүмкін. Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, түнде Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болады деп күтілуде. Түнде және күндіз Ақтөбе, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген жерлерінде тұман болады.

Алдағы уақытта Оңтүстік Қазақстан облыстарының өзендерінде  су деңгейі артады.

25-27 ақпанда Шардара су қоймасына секундына 1440-1450 текше метр су келеді деп күтілуде. Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы өзендердің денінде мұз қатуға байланысты су деңгейлерінің ауытқуы байқалады.

Соңғы жаңалықтар