Қазақстанның басым аумағындағы тұрақсыз күн райы жұма күні де сақталады - Қазгидромет

Атап айтқанда, Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұманды болады.
Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарының жекелеген аумақтарына тұман түсіп, көктайғақ болады.
Күндіз Жамбыл мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Павлодар, түнде Солтүстік Қазақстан облыстарының кей өңірлерінде бұрқасындатып, секундына 15-20 метр күшпен жел соғады.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында желдің күші 15-20 метрге дейін жетеді.
Алматы облысының кей аумақтарында тұман, күндіз 15-20 м/с екпіндегі жел күтілуде.
Ал Астанада бүгін, күн бұлтты, ара-тұра қар жауады, оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауаys4 температурасы күндіз -5-7, түнде -10-12 градусты құрайды.