Қазақстанның басым аумағының ауа райына әлі де болса антициклон ықпал етеді
АСТАНА. 10 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым аумағының ауа райына әлі де болса антициклон ықпал етеді. Тек республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс бөлігінде ауа ағындарының жүруіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпіндете жел соғады,
деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі Қазгидромет мәліметтеріне сілтеме жасап.
Алматы, Жамбыл, Қызылорда, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел екпіні секундына 15-22 метрге жетеді. Оңтүстік Қазақстан облысында жел қуаты секундына 15-20 метрге жетіп, шаң борайды. Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде аптап ыстық сақталады. Республиканың батысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Таяу тәулікте республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс тау өзендерінде су деңгейінің ауытқуы байқалады.