Қазақстанның басым аумағының ауа райына әлі де болса антициклон ықпал етеді

ТАНА. 11 тамыз. ҚазАқпарат - Алдағы тәулікте Қазақстанның басым аумағының ауа райына әлі де болса антициклон ықпал етеді. Тек республиканың оңтүстік-шығыс бөлігінде ауа ағындарының жүруіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпіндете жел соғады,

Қазақстанның басым аумағының ауа райына әлі де болса антициклон ықпал етеді

деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі Қазгидромет мәліметтеріне сілтеме жасап.

Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Оңтүстік Қазақстанда, Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің қуаты секундына 15-20 метрге жетіп, шаң борайды.

Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде аптап ыстық сақталады. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Таяудағы тәулікте республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыстағы тау өзендерінде су деңгейінің ауытқуы байқалады.