Қазақстанның басым аймағында жауын-шашын және екпінді жел күтіледі - демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы
АСТАНА. 1 наурыз. ҚазАқпарат - Наурыз айында, әсіресе айдың басында ауа райы тұрақсыз болады. Көктемнің шуақты күні қуантып үлгерместен, оның орнын батыстан келе жатқан циклондар басуда, деп хабарлайды Қазгидрометтің баспасөз қызметінен.
Алдағы үш күнде, 2,3 және 4 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды және екпінді желі бар күн райы күтіледі.
Республиканың оңтүстігінде де жауын-шашынсыз ауа райы сенбі күні ғана күтіледі, 3-4 науыр күндері мұнда жаңбыр, сулы қар жауады, таңертеңгі сағаттарда тұман жиі түседі.