Қазақстанның басым аймақтарында 13 тамызда ыстық сақталады

АСТАНА. 12 тамыз. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым аймақтарында 13 тамызда күннің ыстығы сақталады,

Қазақстанның басым аймақтарында 13 тамызда ыстық сақталады

деп хабарлайды «Казгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Сонымен, синоптиктердің дерегі бойынша, Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында ыстық сақталады.

Батыс Қазақстан, Жамбыл, күндіз Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады деп болжануда.

Қызылорда, Атырау облыстарында кей жерлерде шаң борап, 15-20 м/с жел тұрады деп күтілуде.

Оңтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 23 м/с дейін жетеді деп болжануда.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында түнде кей жерлерде тұман түседі.

Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының кей жерлерінде төтенше жоғары өрт қауіпі сақталады.