Қазақстанның басым бөлігі жауын-шашынды болып, бұрқасын көтеріледі, тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым бөлігі атмосфералық ағындардың ықпалында болғандықтан, жауын-шашынды болып, бұрқасын көтеріледі, тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
None
None

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі, желдің күші 15-20 м/с. Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасындатып, тұман түседі, жел екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Шығыс Қазақстан, түнде Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасындатып, жел тұрады, оның күші 17-22 м/с-қа дейін жетеді. Түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі, Жалаңашкөл аймағында желдің екпіні 18-23, күндіз ұйтқуы 28 м/с-қа дейін күшейеді. Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ болады, желдің күші 15-20 м/с болады деп күтілуде. Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Соңғы жаңалықтар