Қазақстанның басым бөлігінде 6 ақпан күні қар жауады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның солтүстік-батыс бөлігінде және шығысында атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты көп жерлерде қар жауады. Сондай-ақ көптеген аймақтарда тұман түсіп, көктайғақ болып, бұрқасындатады, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Қазақстанның басым бөлігінде 6 ақпан күні қар жауады

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Қарағанды, түнде Алматы облыстарында тұман түседі деп күтілуде. Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде 15-20 метр/секунд жылдамдықпен жел соғады.

Атырау облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, тұман түседі және 15-20 метр/секунд жылдамдықпен жел соғады. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде 15-20 метр/секунд жел болады. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 мерт/секундке жетеді.