Қазақстанның басым бөлігінде алдағы күндері де жаңбырлы болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда алдағы күндері де жаңбыр жауады, оңтүстікте бұршақ жауады деп күтілуде. Тек елдің батысында ғана күн ашық және ыстық болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Қазақстанның басым бөлігінде алдағы күндері де жаңбырлы болады

«Республика аумағында жауынның жаууына әсерін тигізген циклон Шығыс Сібірге көшті. Алайда оның әсері сақталды. Сондықтан демалыс күндері көптеген облыстарда кей жерлерінде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, желдің жылдамдығы 18-25 м/с дейін күшеюі ықтимал», - делінген хабарламада.

Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында бұршақ жауады, таулы аудандарда толассыз жаңбыр жауады деп күтілуде. Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы көпжылдық орташа температурадан 2-5 градусқа төмен болады деп шамалануда. Тек батыс облыстарда ғана күн ашық, ыстық болады.