Қазақстанның басым бөлігінде аспан ашық болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың солтүстік, солтүстік-батыс және орталық бөліктерінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты  жаңбыр жауады. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман, көктайғақ күтіледі.

Қазақстанның басым бөлігінде аспан ашық болады

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.

Алматы облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 17-22, Жалаңашкөл ауданында екпіні 27 м/с-ға дейін күшейеді, түнгі уақытта тұман түседі.

Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан, Атырау, Павлодар, Шығыс Қазақстан, күндіз Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20, Шығыс Қазақстан облысында екпіні 25 м/с-ға дейін күтіледі.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман күтіліп, желдің күші 15-20 м/с болады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде күндіз көктайғақ, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады. 

Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Түнде Алматы облысының кей жерлерінде 2 градусқа дейін үсік сақталады.