Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды, бұрқасынды болып, тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді
Ақмола, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасындатып, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Атырау облысының кей жерлерінде тұман түседі. Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады. Қарағанды, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасын көтеріліп, тұман түседі, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасынды, тұманды, көктайғақ болады, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, желдің күші 18-23 м/с. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, желдің 15-20 м/с-қа дейін күшеюі күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын көтеріліп, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, Жәрмеңке аймағында желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді. Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, Жалаңашкөл аймағында желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.