Қазақстанның басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады - 16 наурыздағы ауа райы болжамы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, кей жерлерде жауын-шашын болып, жел күшейеді, кей аудандарда бұрқасын болып, тұман түседі, көктайғақ болды. Республиканың шығысында ғана ауа райы ашық болады.
None
None

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде басым бөлігінде, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, кей аудандарда бұрқасын, көктайғақ болады. Қостанай облысында кей жерлерде бұрқасын, тұман, көктайғақ күтіледі, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Ақмола облысының кей аудандарында бұрқасын, көктайғақ болады, желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді. Ақмола облысының кей аудандарында бұрқасын, көктайғақ, желдің 15-20 м/с-қа дейін күшеюі күтіледі. Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Жамбыл, түнде және таңертең Алматы облыстарында тұман түседі, көктайғақ болады. Ақтөбе облысының кей аудандарында тұман түсіп, желдің 15-20 м/с-қа дейін күшеюі күтіледі. Павлодар облысында кей жерлерде көктайғақ болады, түнде кей аудандарда желдің екпіні 17-22 м/с-қа жетеді. Маңғыстау, Атырау облыстарында кей жерлерде тұман түседі, күндіз кей аудандарда жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Түнде Қарағанды облысында кей жерлерде бұрқасынды желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшеймек.

Таяудағы үш тәуліктің ішінде Сырдария өзенінде, Алматы және Жамбыл облыстарының өзендерінде және Жайықтың еңістерінде мұз қабатының одан әрі әлсіреуі күтіледі. Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында ауа температурасының көтерілуімен байланысты мұз құрсауының бірте-бірте әлсіреуі басталады. Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында судың ұлғаюы күтіледі. 15-16 наурызда ауа температурасының көтерілуімен және жауын-шашын болуы болжамына байланысты Алматы облысының аласа таулы өзендерінде және Шығыс Қазақстан облысының шағын өзендерінде қар суы мен жаңбырдың әсерінен тасқын пайда болуы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар