Қазақстанның басым бөлігінде бұршақ аралас жауын жауады

АСТАНА. ҚазАқпарат -  «Қазгидромет» РМК 27-29 маусым күндеріне ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА.

Қазақстанның басым бөлігінде бұршақ аралас жауын жауады

«Ресейдің Еуропа бөлігінен бірінің артынан бірі жөңкілген атмосфералық ағын Қазақстандағы ауа райының құбылмалы болуына алып келеді.  Сондықтан республика облыстарының басым бөлігінде жер-жерлерде найзағай ойнап, жауын, бұршақ  жауады, желдің екпіні 15-25 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы кей өңірлерде орташа көпжылдық деңгейден жоғары болады», - делінген хабарламада.

Астанада 27 маусымда көшпелі бұлт шығып, өткінші жауын жауып, күн күркірейді.   Жел солтүстік-шығысқа ауыса отырып, солтүстік  батыстан   9-14 м/с жылдамдықпен соғады. Түнде температура +14+16°С, күндіз +24+26°С. 28 маусымда - ауыспалы бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел батыстан -  9-14 м/с. Түнде температура  +13+15°С, күндіз +28+30°С. 29 маусымда  елордада: көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел батыстан, солтүстік батыстан -  9-14 м/с. Түнде температура   +16+18°С, күндіз +30+32°С.

Алматыда 27 маусымда ауыспалы бұлт шығады, күннің екінші жартысында өткінші жауын жауып, күн күркірейді.    Желдің жылдамдығы - 2-7 м/с. Түнде температура   +18+20°С, күндіз +30+32°С. 28 маусым: ауыспалы бұлт шығады, өткінші жауын жауып, күн күркірейді. Желдің жылдамдығы - 2-7, 10 м/с. Түнде температура +16+18°С, күндіз  +27+29°С. 29 маусымда   ауыспалы бұлт шығады, өткінші жауын жауып, күн күркірейді. Желдің жылдамдығы -  2-7, 10 м/с. Түнде температура   +15+17°С, күндіз +27+29°С.