Қазақстанның басым бөлігінде бұршақ аралас жауын жауады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты Қазақстанның басым аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағаймен бірге жаңбыр күтіледі, желдің күшеюі, бұршақ болуы мүмкін, солтүстікте түнде және таңертең тұман болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
None
None

Республиканың батысымен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Синоптиктердің болжауынша, Ақмола, Солтүстік  Қазақстан облысының  кей жерлерінде найзағай, бұршақ, жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең тұман болады.

Павлодар, Қарағанды, Алматы облыстарының кей жерлерінде найзағай, бұршақ жаууы мүмкін, Павлодар, Қарағанды облыстарында желдің күшеюі 15-20 м/с болады. Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай болды, желдің күші 15-20 м/с болып, күндіз бұршақ жауады. Күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай болады, желдің күші 18 м/с жетті.  Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық күтіледі.

Оңтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде, Қызылорда, кей жерлерде Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар