Қазақстанның басым бөлігінде қар жауады, бұрқасындатып, тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді
Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болып, желдің күшеюі түнде 15-20, кей жерлерде ұйтқуы 25, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с-қа жетеді. Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасынды, тұман, көктайғақ болады, желдің күші түнде кей уақытта 15-20, ұйтқуы 23 м/с-қа, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұрқасын көтеріледі, тұман түседі, көктайғақ болады, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің күші 15-20 м/с. Павлодар, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде бұрқасындатып, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз Жалаңашкөл аймағында желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі. Күндіз Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.