Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, қарлы бұрқасын болады, жел күшейіп, жекелеген аудандарда тұман түсіп, көктайғақ орнайды - синоптиктер

АСТАНА. 30 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты ауа райы тұрақсыз болады деп хабарлайды ҚР ТЖМ «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, қарлы бұрқасын болады, жел күшейіп, жекелеген аудандарда тұман түсіп, көктайғақ орнайды - синоптиктер

Қар жауып, қарлы бұрқасын болады, жел күшейіп, жекелеген аудандарда тұман түсіп, көктайғақ орнайды деп күтілуде.

Тек республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысы антициклонның ықпалында болады, соған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.

Павлодар облысында қарлы бұрқасын болады, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде кей жерлерде желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетеді.

Ақмола облысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, кей кездері желдің екпіні 25 м/с-қа дейін жетіп, қарлы бұрқасын болады. Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде боран болып, 15-22 м/с жылдамдықпен жел болады деп күтілуде.

Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде боран болып, желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді, тұман түсіп, көктайғақ орнайды.

Маңғыстау облысында 15-20 м/с-қа дейін жел күшейеді, күндіз тұман түсіп, көктайғақ орнайды.

Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түсіп, күндіз 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Оңтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі.

Қызылорда облысында 15-20 м/с-қа дейін жел күшейеді.

Алматы облысында Алакөл маңында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, жел екпіні 25 м/с-қа дейін жетуі ықтимал.

Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде қатты аяз болады деп күтілуде.

Алдағы тәулікте республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы өзендердің басым бөлігінде, соның ішінде Сырдария өзенінде мұз қату процесі күшейеді, жекелеген өзендерде су деңгейі көтерілуі ықтимал. Қазақстанның өзге сулы нысандарында гидрологиялық режімде елеулі өзгерістер болмайды.