Қазақстанның басым бөлігінде қарлы бұрқасын көтеріліп, тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтілуде - 24 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

АСТАНА. 23 қатар. ҚазАқпарат - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі «Қазгидромет» РМК-нің болжамынша, ертең Қазақстанның басым бөлігі фронтальді ағымдардың ықпалында болады,

Қазақстанның басым бөлігінде қарлы бұрқасын көтеріліп, тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтілуде - 24 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

соған байланысты ауа райы тұрақсыз болады - қар жауып, қарлы бұрқасын көтеріліп, жел күшейіп, жекелеген аудандарда тұман түсіп, көктайғақ болады.

Тек республиканың оңтүстік-шығысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Алматы облысында түнде кей жерлерде тұман түседі, Жалаңашкөл ауданында 18-23 м/с жылдамдықпен жел соғады, күндіз оның екпіні 28 м/с-қа дейін жетеді.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде қарлы бұрқасын болады, 15-22 м/с жылдамдықпен жел соғады, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарында желдің екпіні 26 м/с-ты құрайды.

Қостанай, Қарағанды облыстарында қарлы бұрқасын аралас 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде және таңертең тұман түседі, күндіз көктайғақ болады.

Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында кей жерлерде тұман түседі, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, Қызылорда облысында көктайғақ болады.

Маңғыстау облысында тұман түседі.

Алдағы тәуліктерде республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығысындағы өзендерде су деңгейінің ауытқушылығы байқалады; республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығысындағы жекелеген таулы өзендерінде мұз қату үрдісі баяулайды.