Қазақстанның басым бөлігінде қатты жел соғып, көктайғақ болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 8 наурызға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жауын-шашын жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі.
Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз желдің күші 15-20, екпіні 23 м/с болады.
Түнде Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерлерінде бұрқасын және желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Қостанай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, күндіз Оңтүстік Қазақстан облыстарында жел 15-20 м/с күшейіп, кей жерлерде тұман түседі.
Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, Атырау облысында жел 18 м/с күшейеді.