Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның көп бөлігінде ауа райы құбылып, күн күркіреп, өткінші жауын жауып, жел күшейеді. Тек батыста, оңтүстік, оңтүстік-шығыста күн ашық болады деп күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет".

Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болады

Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, түнде Алматы облыстарында кей жерлерде желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.Маңғыстау облысында кей жерлерде шаң араласқан жел тұрып, секундына 15-20 метрге дейін жетеді. Күндіз Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе, Қостанай, Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарында қатты ыстық болады деп күтілуде. Республиканың оңтүстігі, батыста кей жерлерде, сотүстік-батыс, солтүстік, оңтүстік-шығысы мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады. Алдағы тәуліктерде республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен шығысында су деңгейінің ауытқуы мүмкін.