Қазақстанның басым бөлігінде күшті жел тұрып, көктайғақ, жауын-шашын күтілуде - Қазгидромет

ТАНА. 29 қараша. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні Қазақстанның батысында жауын-шашын, тұман, көктайғақ пен ұйытқыма жел күтіледі. Елдің шығысында жекелеген жерлерде күшті жел тұрып, қар жауады, тұман, көктайғақ болады. Бұл туралы «Қазгидромет» қызметінен хабарлады.
None
None

Атап айтқанда, Қарағанды, Алматы, түнде Оңтүстік Қазақстан облыстарының жекелеген аумақтарында тұманды болады.

Жамбыл, күндіз Маңғыстау облысында тұман мен көктайғақ күтілуде.

Ақтөбе және Қостанай облыстарының кей өңірлерінде жаяу бұрқасын жүріп, 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Батыс Қазақстан облысында көктайғақ болып, секундына 15-20 метр күшпен жел соғады. Атырау облысының кей жерлеріне тұман түседі, 17-22 м/с жылдамдықта жел тұрады.

Ал Астанада күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан секундына 9-14 жылдамдықпен жел соғады. Ауаның температурасы күндіз -9-11, түнде -17-19 градусты құрайды.

Соңғы жаңалықтар