Қазақстанның басым бөлігінде күшті жел тұрып, жаңбыр жауып, бірқатар облыстарда қатқақ суық болады
ТАНА. 6 қазан. ҚазАқпарат - Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде күшті жел тұрып, жаңбыр жауады, деп хабарлайды Қазгидрометке сілтеме жасай отырып ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
Батыс Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында, түнде Жамбыл, ал күндіз Атырау, Қостанай облыстарында секундына 15-20 метр жылдамдықта жел соғады деп болжануда.
Шығыс Қазақстан облысында желдің күші секундына 18-23 метр, кейде секундына 28 метр жылдамдыққа жетеді.
Солтүстік Қазақстан, күндіз Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде секундына 15-20 метр жылдамдықта жел соғып, кейбір жерде түнде және таңертең тұман түседі.
Бұрын хабарлағанымыздай, 6-8 қазан күндері Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Жамбыл облыстарында, 7-8 қазан күндері түнде Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде ауа температурасы 0-3 градусқа дейін төмендейді. 6-8 қазан күндері түнде Қарағанды облысында күн 0-5 градусқа дейін суытады.