Қазақстанның басым бөлігінде сәрсенбі күні жауын жауады деп күтілуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағының көп бөлігінде сәрсенбі күні тұрақсыз ауа райы сақталады, күн күркірейді, жауын жауып, кей жерлерде жел күшейіп, солтүстікте бұршақ жаууы ықтимал. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.
Республиканың тек батысында, оңтүстік-шығыста және оңтүстікте жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, бұршақ жаууы ықтимал», - делінген хабарламада.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Күндіз Алматы, Жамбыл, Атырау, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында күн қатты ысиды деп болжануда.