Қазақстанның басым бөлігінде таяу күндері қалың қар жауады

АСТАНА. Қазақпарат - 22-24 желтоқсанда Қазақстанның басым бөлігіне қалың қар түсіп, боран соғады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Қазақстанның басым бөлігінде таяу күндері қалың қар жауады

22 желтоқсан - қысқы күннің тоқырауы болады. Бұл күні Қазақстан аумағына жылы және ылғалды ауа әкелетін Антлантикадан циклон келеді. Қалың қар түсіп, соққан боран салдарынан ауа температурасы едәуір көтеріледі. Тіпті солтүстік, орталық және шығыс облыстарда күн жылынады деп күтілуде. Күндіз нөлден 3 градусқа дейін болса, батыста, оңтүстікте 8 градусқа дейін жылынады деп күтілуде.