Қазақстанның басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Синоптиктер Қазақстан аумағында болатын басты, табиғи құбылыстарға болжам жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

Амосфералық ағымдардың өтуіне баланысты кей жерлерде жауын-шашынды болады. Тек елдің батысы мен солтүстік батысында ғана күн ашық. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ болады.

Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарында түман түсіп, көктайғақ болып, желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының бірқатар аймақтарында 15-20 метр/секунд жылдамдықпен жел соғады.

Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Қостанай, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Соңғы жаңалықтар