Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады - 2 желтоқсандағы ауа райы болжамы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуімен тұрақсыз ауа райы сақталады, мұнда кей жерлерде жауын-шашын болып, жел күшейеді, бұрқасын көтеріліп, тұман түседі, көктайғақ болады, республиканың шығыс жағында ғана күн райы ашық болады, деп хабарлады ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады - 2 желтоқсандағы ауа райы болжамы

Ақмола облысында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді, жаяу борасын жүреді, түнде және күндіз тұман түседі. Солтүстік Қазақстан облысында - кей жерлерде тұман түседі. Жамбыл, түнде және таңертең Қостанай, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, Қостанай облысында бұрқасынды болады. Маңғыстау, күндіз Атырау, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде жел 17-22 м/с-қа дейін күшейеді, бұрқасын көтеріледі, Маңғыстау облыстында көктайғақ болады. Алматы облысында түнде кей жерлерде тұман түседі, күндіз Алакөл көлдері тұсында жел 18-23 м/с-қа дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.