Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркіреуі, жел күшеюі күтіледі - 18 шілдедегі ауа райы болжамы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым бөлігінде циклоннның әсерінен жаңбыр жаууы, күн күркіреп, жел күшеюі, рспубликаның солтүтігінде бұршақ жауы мүмкін. Оңтүстікте және батыста ғана күн райы ашық болады, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі Қазгидрометке слтеме жасап.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Павлодар облыстарында кей жерлерде желдің 15-20 м/с-қа дейін күшеюі күтіледі, Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін.
Күндіз Атырау облысында, кей жерлерде Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында аптап ыстық болады. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, батысының кей жерлерінде, солтүстік-батысында және орталығында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Таяудағы тәуліктерде республиканың оңтүстіндегі, оңтүстік-шығысындағы және шығысындағы тау өзендерінде су бетінің құбылуы байқалады. Іле өзенінде Қапшағай су қоймасына ағын төмендейді.