Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн күркіреуі, жел күшеюі күтіледі - 19 шілдедегі ауа райы болжамы
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым бөлігінде циклоннның әсерінен жаңбыр жаууы, күн күркіреп, жел күшеюі, солтүстікте тұман түсуі мүмкін. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста және шығыста ғана күн райы ашық болады, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі Қазгидрометке сілтеме жасап.
Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарында, күндіз Қызылорда облысында кей жерлерде желдің 15-20 м/с-қа дейін күшеюі күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысында түнде және күндіз кей жерлерде тұман түседі. Ақмола облысында кей жерлерде желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, тұман түседі. Күндіз Қарағанды облысында кей жерлерде аптап ыстық болады.
Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, батысының кей жерлерінде, солтүстік-батысында және орталығында өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Таяудағы үш тәулікте ауа райының жоғарылауы жағдайында Алматы облысындағы өзендерде таудан аққан судың әсерінен өзендер деңгейі көтеріледі. Іле өзенінде Қапшағай су қоймасына ағын төмендейді. Республиканың оңтүстігі мен шығысындағы тау өзендерінде су бетінің құбылуы байқалады.