19:11, 17 Қазан 2012 | GMT +5
Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жауады, екпінді жел соғып, тұман түседі деп күтілуде - 18 қазанға арналған ауа райы болжамы
АСТАНА. 17 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым бөлігі атмосфералық ағымдардың ықпалында қалады, соған байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, екпінді жел соғып, тұман түседі. Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасай отырып ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Республиканың батысында ғана күн райы жауын-шашынсыз болады. Ақмола, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарында, күндіз Оңтүстік Қазақстан облысында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.
Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында түнде және таңертең тұман түседі. Республика оңтүстігінің бірқатар аймақтарында өрт болу қаупі сақталады.
Алдағы тәуліктерде республиканың таулы өзендерінде су деңгейінің ауытқушылығы байқалады.