Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жауып, тұман түсуі, көктайғақ болып, желдің күшеюі күтіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - 13 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерінде жауын-шашын жауып, тұман түсуі, көктайғақ болып, желдің күшеюі күтіледі, республиканың солтүстігінде ғана ауа райы ашық болады, деп хабарлады Төтенше жағдайлар комитеті «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын жауып, тұман түсуі, көктайғақ болып, желдің күшеюі күтіледі

Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді, күндіз жел тұрып, жаяу борасын болады.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түседі, желдің күші15-20 м/с-қа, екпіні 25 м/с-қа жетеді.

Түнде Қызылорда облысының кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с болады.

Атырау облысының кей жерлерінде тұман түседі, түнде кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ күтіледі.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, жолдарда көктайғақ болады.

Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі,, көктайғақ болады, желдің 15-20 м/с-қа дейін күшеюі күтіледі.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.