Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынды болып, қар жауады, бұрқасын көтеріледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - 14 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерінде жауын-шашынды болып, көбінесе қар жауады, бұрқасын көтеріледі, тұман түседі, көктайғақ болады, желдің күшеюі сақталады, деп хабарлады Төтенше жағдайлар комитеті «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Жамбыл облысының кей жерлерінде желдің күші 15-20, түнде екпіні 23 м/с-қа жетеді, түнде және таңертең кей жерлерінде тұман түседі.
Қызылорда, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұманды, көктайғақ болады, желдің 15-20 м/с-қа дейін күшеюі күтіледі.
Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с, бұрқасын көтеріледі.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с, жаяу бұрқасын тұрып, тұман түседі.
Атырау, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болады, күндіз желдің күші 15-20 м/с-қа жетеді.
Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұманды, көктайғақ болып, күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Алматы облысында түнде және таңертең кей жерлерінде тұман түседі деп күтілуде.