Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз салқын ауа райы сақталады
АСТАНА. Қазанның 21-і. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым бөлігі антициклонның ықпалында болады, жауын-шашынсыз салқын ауа райы сақталады.
Бұл ақпаратты еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі Қазгидромет мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлайды.
Ведомствоның хабаралуынша, еліміздің шеткері батыс аудандарында күндіз жаңбыр жауып, жел күшеймек. Ал оңтүстік-шығыс аудандарында атмосфералық ағымдар әсері сақталады.
Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, күндіз Қызылорда, сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан облысының таулы аймақтарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-23 метрге жетеді деп күтілуде. Ал Жамбыл облысында тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жететіндігі болжануда.
Қазақстанның оңтүстігінде, кей жерлерде жоғары өрт қаупі сақталады.