Қазақстанның басым бөлігінде жексенбі күні тұман түсіп, көктайғақ болады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым бөлігінде жексенбі күні кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейеді. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және оңтүстік-батысында күн райы ашық болады, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, желдің күші 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болуы, күндіз желдің 15-20 м/с-қа дейін күшеюі күтіледі.
Павлодар облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Атырау, Ақтөбе, Қостанай облыстарында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады.
Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында кей жерлерде тұман түседі.