Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейіп, жауын-шашын түседі

АСТАНА.ҚазАқпарат - Қазақстанның солтүстік-шығыс бағытына қарай белсенді атмосфералық ағымдар мен Каспий циклоны жылжып келеді, деп хабарлайды «Қазгидромет».

Қазақстанның басым бөлігінде жел күшейіп, жауын-шашын түседі

Сейсенбіде Қазақстанның орталығы мен оңтүстік облыстарының кей жерлерінде жаңбыр жауады. Найзағай ойнап, жел соғып, бұршақ жаууы ықтимал. Сондай-ақ, республиканың орталық және шығыс облыстарында жауын-шашын түседі.

Елдің солтүстігі мен батысы Сібір антициклонының ықпалында болады. Бұл өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнап, қар түседі. Сонымен қатар, ауа температурасы төмендейді.

Бірнеше өңірде ескерту жарияланған. 24-ші сәуірде тәулік бойы Қостанай облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді, кей жерлерінде найзағай ойнап, тұман күтіледі.

24-25 сәуірде Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20, 24 сәуір күндіз, 25 сәуірде түнде екпіні 23-28 м/с болады, 25 сәуірде түнде таулы аудандарда қатты жаңбыр жауады.

Тараз қаласында 24-25 сәуірде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, 24 сәуір күні күндіз, 25 сәуірде түнде кей уақытта 23-28 м/с-ға жетеді деп күтіледі.

24 сәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде нөсер жауын жауады, сондай-ақ 24-25 сәуірде солтүстік, солтүстік-батыстан 15-20, екпіні 23 м/с жылдамдықпен жел соғады, найзағай ойнап, тұман түседі деп күтіледі.