Қазақстанның басым бөлігінде жылдамдығы секундына 15-22 метрге жететін қатты жел күтілуде

nbsp;АСТАНА. Қыркүйектің 11-і. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстанның басым бөлігінің ауа райына суық ауа ағымы өз әсерін тигізеді, деп хабарлады ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қазақстанның басым бөлігінде жылдамдығы секундына 15-22 метрге жететін қатты жел күтілуде

Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, ал күндіз Ақмола, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жылдамдығы секундына 15-22 метрге жететін қатты жел соғады деп күтілуде.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде түнде 0-5 градусқа дейін күн суытады.

Қазақстанның оңтүстігінде, батысында, орталығында, шығысында және оңтүстік-шығысында жоғары дәрежелі өрт қаупі сақталады.