Қазақстанның басым бөлігінің ауа райына антициклон ықпалы сақталады

АСТАНА. Қазанның 30-ы. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым бөлігінің ауа райына антициклон ықпалы сақталады, тек республиканың батысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының шалғай өңірлеріне ғана ауа ағындары әсер етеді.

Қазақстанның басым бөлігінің ауа райына антициклон ықпалы сақталады

Бұл ақпаратты ҚР ТЖМ баспасөз қызметі Қазгидромет мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлайды.

Атырау, Ақтөбе, күндіз Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20, ал Алматы облысының Жалағаш ауданында 18-23 метрге жетеді деп күтілуде. Ал Шығыс Қазақстанда, түнде Солтүстік Қазақстан облысының жекелеген аудандарында тұман түсетіндігі болжануда.

Таяудағы тәулікте Қазақстанның өзен-көлдерінде қандайда бір өзгерістер күтіліп отырған жоқ.